Marvel Entertainment басшысы жұмысынан қысқартылды

None
Фото: SUSAN WALSH/ASSOCIATED PRESS
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Marvel Entertainment төрағасы Айзек Перлмуттерге The Walt Disney Company компаниясының шығындарды қысқарту бойынша ауқымды кампаниясы аясында жұмыстан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The New York Times-қа сілтеме жасап.

Сәрсенбіде 80 жастағы Айзек Перлмуттерге телефон арқылы тұтыну өнімдеріне маманданған және Marvel Studios-тан бөлек жұмыс істейтін шағын бөлімше саналатын Marvel Entertainment Disney-дің ірі бизнес бөлімшесімен біріктірілетінін, ал ол жұмыстан қысқаратынын хабарлаған.

Осы аптаның басында Disney компаниясы 7000 жұмыс орнын қысқартуға кірісті, бұл оның қызметкерлерінің жалпы санының шамамен 4% құрайды. Көптеген жұмысшыларды қысқарту компанияға қаржылық нәтижелерді жақсартуға және стриминг-контент арқылы кірістердің өсуін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Айзек Перлмуттер ашуланшақ және қатыгез басшы ретінде танымал. Оның әріптестері Роб Стеффенс, Marvel Entertainment компаниясының тең президенті және бөлімшенің бас кеңесшісі Джон Турицин де қысқартылды.

Marvel Entertainment президенті Дэн Бакли, өз қызметінде қалады және Marvel Studios президенті Кевин Файгиге бағынады.

Айзек Перлмуттер Marvel компаниясын Disney-ге 2009 жылы 4 миллиард долларға сатқан болатын.


Соңғы жаңалықтар