Мартин Мюррей мен Головкин арасында рематч болуы мүмкін бе

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Скотт Гилфойд Британияның орта салмақтағы жаңа WBC Silver чемпионы Мартин Мюррей рейтингтің үздік үштігіне ілінгеніне таңданыс білдірді, деп жазады Sports.kz.

Оның айтуынша, боксшының Головкинмен екінші рет жекпе-жек өткізуіне бұл да септігін тигізе алмайды.

«WBC Silver белдігінің иесі Роберто Гарсияны жеңгеннен кейін орта салмақтағы әлем чемпионына үміткер Мартин Мюррей WBC рейтингінің екінші сатысына көтерілді. Мюррейдің рейтингте көш бастауы мүмкін екендігін ойлаудың өзі қорқынышты, өйткені оның соңғы 10 кездесуі тым жалықтырып жіберді. Енді ол әлем чемпионы Геннадий Головкинмен рематч өткізудің аз-ақ алдында тұр. Үш жыл бұрынғы кездесуде ол 11-раундта техникалық нокаутпен жеңілген. Головкин екінші рет кездесуге келісім бермейтін шығар. Өйткені бұл жекпе-жектен табыс аз болады әрі ол HBO PPV арқылы да трансляция жасалмайтын еді. Мюррей тіпті өзінің Ұлыбританиясында да жұлдыз емес», - деп жазады сарапшы.

Соңғы жаңалықтар