Марсельдегі жарылыс: 6 адамның мәйіті табылды, іздеу жұмысы жалғасып жатыр

Фото: Фото: AP/ Bishr El Touni
АСТАНА.ҚазАқпарат - Әзірге алты адамның мәйіті табылды, екі адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Құтқару операциясының басшысы құрбан болғандарды іздеу жұмыстары жалғасатынын айтты.

Ғимарат құлаған Тиволи көшесіне іргелес жатқан аудандардың тұрғындары эвакуацияланды. Сарапшылар ғимараттардың жағдайын бағаламайынша, олар үйлеріне қайта алмайды.

Дүйсенбі күні кешке жарылыс болған жерге жақын орналасқан шіркеуде зардап шеккендерге дұға оқылды.

Ғимараттың қирау себебі нақты анықталған жоқ. Тергеушілер газ жарылуынан болуы мүмкін деген болжам жасады.


Соңғы жаңалықтар