Марс бетіне қытайлық марсоход шықты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Алғашқы қытайлық «Чжужун» марсоходы қону алаңынан Марс бетіне шықты. Бұл туралы сенбіде Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Чжужун» марсоходы қону алаңынан Марс бетіне шықты», - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, 15 мамырда «Тяньвэнь -1» қытайлық аппараты Марстың бетіне қонып, планетаға марсоходты жеткізген болатын. Марсоход топырақты, ионосфераны және климатты зерттеумен айналысып, планетада 92 күн жұмыс істейді.

«Чжужун» марсоходының биіктігі 1,85 метрге жетеді және салмағы 240 келі.


Фото: CNSA/Reuters
Соңғы жаңалықтар