Мароккода пойыз апатынан 10 адам қаза тауып, 90-ы зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марокко астанасы Рабаттың маңында пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан кем дегенде он адам қаза тауып, тағы 90-ға жуық адам зардап шекті. Бұл туралы Sky News Arabia хабарлады.

Телеарна таратқан хабарларға қарағанда, пойыз Касабланкадан елдің солтүстік-батысындағы Кенитра қаласына бара жатқанда апатқа ұшыраған.

Ал жергілікті Yabiladi.com порталының Сале вице-мэрі Абдельлатиф Судаға сілтеме жасай хабарлауынша, оқыс оқиға Мароккоға жақын маңдағы Сале қаласының түбінде болған. 

Фото: www.yabiladi.com

Соңғы жаңалықтар