Марокко шегірткесі Түркістан облысындағы 10 ауданға қауіп төндіруі мүмкін

Автор:  
Қайрат Зайнишев

Марокко шегірткесі Түркістан облысындағы 10 ауданға қауіп төндіруі мүмкін

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы 10 ауданда шегірткемен күрес шаралары жүргізіледі. Бұл туралы Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мен фитосанитариялық іс-шаралар биыл 10 ауданның аумағында жүзеге асады. Атап айтар болсақ, Сарыағаш, Келес, Арыс, Бәйдібек, Төле би, Қазығұрт аудандарында «Марокко» атты үйірлі шегірткелермен күрес жүргізілмек.

Ал, Созақ ауданына азиялық шегірткеден қауіп бар. Аталған фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мақсатында инспекция тарапынан 40 мемлекеттік инспекторлар мен 19 қызметтік автокөліктер жұмылдырылып отыр.

«Жергілікті шаруа қожалық иелері сала мамандарына шегірткенің табылғандығы туралы ақпарат берсе болды, бірден дәрілеу жұмыстарын жүргізеді. Шегірткелер көк дақылдың барлығына зиян келтіреді. Әсіресе, үйірлі шегірткелер өсіп тұрған жасыл желекті 100 пайызға дейін жарамсыз етіп тастайды» - дейді Ибрагим Бегасилов.





Серіктестер жаңалықтары