Марокко полициясы 2 тоннадан астам марихуана тәркіледі

None
None
РАБАТ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Марокко полициясы 2,1 тонна марихуана тәркіледі және халықаралық есірткі саудасымен айналысатын топпен байланысы бар деген күдікпен үш адамды қамауға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Есірткі заты Марокконың солтүстігіндегі Танжер қаласының шетінде орналасқан ағаш шеберханасынан тәркіленген.

Қылмыскерлер шекара бекетінде полиция иттерінің есірткіні таппауы үшін марихуананы үлкен тақтайлардың ішіне арнайы саңылауларға жасырып, үстіне химиялық жабын төсеген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының мәліметтеріне сәйкес, соңғы 10 жылда Марокко есірткінің ең ірі өндірушілерінің бірі болып отыр.


Соңғы жаңалықтар