Марокко астанасында ТҮРКІСОЙ фотокөрмесі ашылды

None
None
СТАМБҰЛ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ -Халықаралық Түркі мәдениет ұйымы ТҮРКІСОЙ мен Ислам білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ISESCO) ынтымақтастығы өз жемісін бере бастады.

Марокко астанасы Рабат қаласында ТҮРКІСОЙ фотокөрмесі ашылысымен 2012 жылғы Наурызға арналған мерекелік іс-шараны ISESCO-мен бірігіп Рабатта өткізу туралы шешім қабылданды.

Түркі дүниесі фотокөрмесі ISESCO орталығында ашылды. Ашылу салтанатына ISESCO Бас хатшысы Абдулазиз Осман Алтуайжри, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Әзіебайжан елшісі, Түркия елшілігі қызметкерлері және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

ISESCO бас хатшысы ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Бакуде қол қойылған келісімді еске түсіре отырып, ТҮРКІСОЙ делегациясына осындай көрме ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Жақын арада Түркияға келуге ниетті екенін білдірген Алтуайжри, ТҮРКІСОЙ мен арадағы ынтымақтастықты тереңдетуді қалайтынын айтты.

ТҮРКІСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов болса, ISESCO-ның ислам мәдениетінің танытылуында және дамуында жасаған қызметіне тоқтала отырып, аталмыш ұйымның Орталық Азия мемлекеттерінің тәуелсіздігі барысында ұлттық және рухани құндылықтардың қайта жандануына қосқан зор үлесін баса айтты . Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының да алға қойған мақсатының бірі осы екенін білдірген Қасейінов, ISESCO мен ТҮРКІСОЙ арасындағы ынтымақтастық мәдениеттердің жақындасуы мен өркениеттердің одағы тұрғысынан алға басылған маңызды қадам болып табылатының мәлімдеді.

Д. Қасейінов бұдан бұрын 7 рет өткізілген ТҮРКІСОЙ суретшілер кездесуіндегі жұмыстардан жинақталған бұл сурет көрмесі, әрі Түркі дүниесінің мәдениеті жайында көрерменге ой салып, әрі ТҮРКІСОЙ- дың атқарып жатқан қызметін көрсететінін айтты.

Ашылу салтанатынан кейін делегациялар арасында екіжақты кездесулер өткізілді. Бұл кездесулерде тараптардың 2012 жылы ортақ атқаратын қызметтері жайлы шешімдер қабылданды.

Сондай- ақ 2012 жылы Рабат қаласында ортақ Наурыз мерекелік іс-шаралары, сонымен қатар кітапханалар ынтымақтастығы, бұқаралық ақпарат құралдарының сапасын арттыру, сирек кездесетін шығармаларды және қолжазбаларды қорғауға байланысты ортақ іс-шаралар өткізілуі жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар