Марокко алтыншы мәрте футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марокко футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге байланысты Испания мен Португалияның бірлескен өтініміне қосылды. Ол өткен жылдың қазан айында өтінім берген Украинаны ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл - Марокконың футболдан әлем чемпионатын өткізуге жасаған алтыншы ұсынысы. Солтүстік Африка мемлекеті 1994 жылдан бері дүбірлі доданы ұйымдастыруға ниет білдірген елдердің қатарында саналып келеді.

Марокко төрт жыл бұрын 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс жасайтынын жариялаған еді. Сол жолы олар 2026 жылғы доп додасын өткізуге дауыс беруде жеңіліп қалды. Аталған уақытта марокколықтар барлық инфрақұрылымды жақсарту үшін 16 млрд АҚШ долларын бөлуге қаржы таба алмады. Енді Испания және Португалиямен бірлескен өтінімде оған аз қаржы жұмсайды.

Марокколықтар бұдан бұрын дүбірлі доданы өткізуге байланысты Пиреней түбегіндегі елдермен келіссөз жүргізгені жөнінде әңгіме тараған еді. Дегенмен бұған байланысты ресми түрде өтінім беріле қойған жооқ.

2022 жылғы әлем біріншілігінде марокколық футболшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді. Сондықтан олар дүбірлі доданы өткізуге байланысты өтініш қолдау табады деген үміттеніп отыр.

Айта кетсек, Испания, Португалия және Марокконың өтінімі ерекше қарсылыққа тап болуы ықтимал. Өйткені, әлем чемпионатының алғаш өткізілуіне 100 жыл толуына орай Аргентина, Чили, Парагвай және Уругвай бірлескен өтінім берді.

Сондай-ақ, Сауд Арабиясы, Египет және Грекия бірлескен өтінім беруге ниет танытып отыр. Дерек көзіне сүйенсек, Сауд Арабиясы өз қаржысы есебінен Грекия мен Египетте стадиондар салуға ынталы. Есесіне доп додасының төрттен үш бөлігін өзінде өткізуге мүмкіндік алады.

2030 жылғы әлем чемпионатын өткізетін мемлекеттер 2024 жылы FIFA-ның 211 ұйым мүшесінің қатысуымен өтетін 74-ші конгресінде анықталады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд бір ойында бес гол соқты.


Соңғы жаңалықтар