27.01.2023 14:46 Депутаттыққа кандидаттарға қайырмалдықтың ең жоғары мөлшері жарияланды АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина депутаттыққа кандидаттарға қайырмалдықтың ең жоғарғы мөлшерін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 13:01 Мезгілсіз өмірден озған Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа сенатор сайлау қашан өтеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мезгілсіз өмірден озған сенатор Гүлмира Кәрімованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар оның орнына жаңадан сенатор сайлау рәсімі қалай өтетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 12:39 ОСК мүгедектігі бар жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 12:12 Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс - Әбдіров АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңадан сайланатын Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 11:25 Байтақ пен Respublica бірқатар өңірде мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» мен Respublica партиясы бірқатар өңірде мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 20:11 Сенаттың жаңаруы елдің бүкіл азаматтарының мүддесін қорғауға бағытталған - сарапшы АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Парламенттің жоғары палатасының спикері мен вице-спикері сайланып, депутаттық құрамды жаңарту аяқталды. Осыған орай ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Гүлмира Тоқанова пікір білдіріп, оның еліміз үшін маңызын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 18:53 Сарапшы Сенаттың жаңарған құрамына қатысты пікір білдірді АСТАНА. ҚазАқпарат — Сенаттың жаңарған құрамын сәтті жасақтау саяси институттар тұрақтылығын білдіреді. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі Ермек Тоқтаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 16:34 Қытай инженері АҚШ-та тыңшылық жасағаны үшін 8 жылға сотталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытай азаматы АҚШ-та инженерлер мен ғалымдар туралы ақпараттарды жинау арқылы қытай үкіметінің пайдасына тыңшылық жасағаны үшін 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, CNN-ге сілтеме жасап.
26.01.2023 12:36 «Самұрық-Қазына» шетелдік топ-менеджерлерден арылып жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» қоры шетелдік топ-менеджерлерден арылып жатыр. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынасы және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 12:28 «Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 130 млрд теңге аударады АСТАНА. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» қоры биыл «Қазақстан халқына» қорына 130 млрд теңге аударады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынасы және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 12:16 «Самұрық-Қазынаға» жұмысқа тұрғысы келген 27 адам жалғандықты анықтайтын детектордан өте алмады АСТАНА. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазынаға» жұмысқа тұрғысы келген 27 адам жалғандықты анықтайтын детектордан өте алмады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынасы және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 16:00 Елімізде жарты миллионнан аса адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінде отандық спортшыларымыз халықаралық байрақты бәсекелерде жарқын жеңістерімен, жоғары жетістіктерімен жұртшылық қошеметіне бөленіп жүр. Дегенмен, мұндай көрсеткіштерге әлі де қарқын, тың серпін беру қажет екендігі сөзсіз. Ал бұқаралық спортты дамыту және жоғары жетістіктер спортын жетілдіру бағытындағы ауқымды жұмыс Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелген. Бүгін аталған ведомство кеңейтілген алқа отырысын өткізіп, алдағы уақытта атқарар жұмысын белгіледі.
25.01.2023 15:29 Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясын басқарғысы келеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Даңқты ауыр атлет Илья Ильин еліміздің Ауыр атлетика федерациясы президенті лауазымына кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 14:46 Мемлекет қаржыландыратын спорт түрлеріне тоғызқұмалақ пен асық атуды қосу ұсынылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мемлекет қаржыландыратын спорт түрлеріне тоғызқұмалақ пен асық атуды қосуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 14:32 Дене шынықтырумен айналысатын балалар санын 2 есе арттыру қажет - Көлгінов АСТАНА. ҚазАқпарат – Дене шынықтырумен айналысатын балалар санын 2 есе арттыру қажет. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 12:32 Спорт мамандары үшін біліктілік талаптары өзгереді АСТАНА. ҚазАқпарат – Спорт мамандары үшін біліктілік талаптары өзгереді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 12:11 Спорт мектептері жаттықтырушыларының апталық жүктемесі төмендетіледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Спорт мектептері жаттықтырушыларының апталық жүктемесі төмендетіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 11:55 Спорт саласын дамыту тұжырымдамасын қабылдауды жеделдету қажет - министр АСТАНА. ҚазАқпарат – Дене шынықтыру және спорт саласын дамыту тұжырымдамасын қабылдауды жеделдету қажет. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 11:48 Биыл 560 мың бала спорттық секциялармен қамтылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 560 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер тегін спорт секциясымен немесе шығармашылық үйірмемен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.01.2023 19:10 Жаңадан тағайындалған 10 сенатор жайында не білеміз АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін сайлау барысында сегізінші мәрте жасақталатын Парламент Мәжілісі құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 өкіл болмайтындығы, оларға тиесілі мандат саны 5-ке қысқарып Сенатқа берілгені белгілі. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Парламенттің жоғары палатасында Ассамблея атынан өкілдік ететін депутаттардың есімі белгілі болды. Жалпы, санаулы сағат бұрын ғана Президент Жарлығымен Сенаттың 13 депутатының өкілеттігі тоқтады. Дегенмен, олардың ішінде Мәулен Әшімбаев, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Асқар Шәкіров және бұрын еліміздің Жоғары сотына төрағалық еткен Жақып Асанов Президент Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалды. ҚазАқпарат оқырман назарына жаңа сенаторлардың өмірбаяндық деректерін ұсынады.