Марк Клаттенбург Еуро-2016 финалына төрелік етеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1964 жылдан кейін алғаш рет ағылшындық турнирдегі шешуші матчтың бас төрешісі болады.

Ал Саймон Бек пен Джейк Коллин Клаттенбургтің көмекшісі, Энтони Тейлор мен Андре Марринер төрешінің қосымша көмекшілері болмақ. Барлық төреші - Англияның өкілдері. Төртінші төреші - Виктор Кашшаи (Венгрия), оның резервтегі көмекшісі  Дьердь Ринг (Венгрия), деп хабарлайды eurosport.ru.

Франция мен Португалия құрамалары ойнайтын турнирдің финалдық кездесуі 10 шілде күні Париж түбіндегі Сен-Дениде «Стад де Франс» стадионында өтеді.

Еуро-2016 турнирінде Клаттенбург топтық кезеңдегі Бельгия-Италия, Чехия-Хорватия және 1/8 финалда Швейцария - Польша матчтарында бас төреші болды.

2015/16 маусымында Клаттенбург чемпиондар лигасының финалында және Англия Кубогы финалында қызмет атқарды. 41 жастағы арбитрдің еңбек еткен тізімінде 2012 жылғы ерлер олимпиадалық турнирінің финалы және УЕФА-2014 Суперкубогы бар. 

Соңғы жаңалықтар