Марк Цукерберг бір күнде 17 млрд долларға жуық қаржысынан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Facebook Inc компаниясының акциялары күрт төмендеуі салдарынан 16,8 млрд АҚШ доллары мөлшерінде зиян шекті. Бұл туралы бейсенбінің таңында Bloomberg агенттігі хабарлады.

Фейсбук акциялары бұрын-соңды бұлай құлдырап көрген емес. Нью-Йоркте сәрсенбі күнгі саудалардың қорытындыларына орай, желінің акциялары 20 пайызға арзандаған.

Калифорнияда орналасқан Menlo Park компаниясы өкілдерінің мәлімдеуінше, екінші тоқсандағы табыс сарапшылардың болжамынан біршама аз болып, 13 млрд долларды құраған. Бұдан тыс, пайдаланушылардың бір тәулікте Фейсбукке кіру көрсеткіші де болжамнан төмен болған.

Bloomberg агенттігі, егер бейсенбі күнгі сауда-саттықта Facebook Inc акцияларының бағасы көтерілмесе, Цукерберг әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі үшінші орнынан айырылып, алтыншы сатыға сырғитынын жорамалдап отыр.

Соңғы жаңалықтар