Марк Цукерберг бала күтіміне байланысты демалысқа шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook басшысы Марк Цукерберг қызы дүниеге келген соң оған күтім жасау үшін екі айлық демалысқа шықпақшы екенін мәлім етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады, деп жазады rt.com.

«Бұл менің жеке шешімім, мен қызымыз дүниеге келгенде оған күтім жасау үшін екі ай демалысқа шығуды шештім», - деп жазады Марк.

Цукерберг ол жоқ кезде компания басшысының орнын кім басатыны туралы ақпарат берген жоқ. Болуы мүмкін кандитуралардың арасында Facebook-тің операциялық директоры Шерил Сэндберг пен өнімдер бойынша вице-президент Крис Кокс бар.

Соңғы жаңалықтар