Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 26 °С
Алматы: 20 °С
USD 325.75 EUR 382.04
RUB 5.31 CNY 51.04
Жаңалықтар

Марина Курносова Азия құрлығының ең мықты велошабандозы атанды

2018 жылғы 14 ақпан 22:46 765
Бөлісіңіз:
Марина Курносова Азия құрлығының ең мықты велошабандозы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Велоспорт бойынша қыздар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы Марина Курносованы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық теннисшілердің Ролан Гаррос турниріндегі қарсыластары белгілі болды ШҚО-да дәстүрлі халықтық спорт ойындары басталды

Естеріңізге сала кетейік, велоспорттан Азия чемпионаты 8-12 ақпан аралығында Нейпьидо (Мьянма) қаласында өтті. Жарысқа 30-дан аса елдің спортшылары қатысты.

Астанадағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі өзінің спорттық карьерасында Азия юниор біріншілігінде алтын медальді жеңіп алды.

Спортшының жеке жаттықтырушысы Владимир Березиннің айтуынша, Марина жарысқа үш ай дайындалған.

«Осы чемпионатқа біз үш ай дайындалдық, алдымызға тек қана бірінші орын аламыз деген нақты мақсат қойдық. Марина - сирек кездесетін талантты, еңбекқор және алғыр қыз. Мен оған сендім және ол үмітімізді ақтады», - дейді жаттықтырушы.

Оның айтуынша, Астанадан жарысқа екі спортшы қатысты, олар Марина Курносова мен жастар арасында үздік болған Данил Пронский.

«Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, екі алтын, бір қола. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш», - дейді Владимир Березин.

8 ақпандағы 11 км қашықтықтағы жеке жарыста қыздар арасында Азия чемпионатының алтынын Марина Курносова жеңіп алды, ал 11 ақпан күні 72 км топтық жарыстың соңғы секундында екінші орынды жіберіп алып, 3-орынға тұрақтады.

«Климат ауысқандықтан кішкене қиындау болды, оның үстіне барлық күшімді осы жарысқа салдым. Бастысы өзімді мақтан тұттым. Жарыстың тұғырына шығып, Қазақстанның әнұраны шырқалған кездегі сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл менің шекарадан асып шыққандағы ең алғашқы жеңісім», - дейді Марина Курносова.

Айта кетейік, Марина Курносова - ҚР спорт шебері, 2017 жылы жастар ойынының чемпионы, 2016, 2017 жылдың шоссе мен тректен ҚР чемпионы, өткен жылы Азия чемпионатында спортшы 2-орынды иемденген болатын.

 

 


Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат