Марат Жыланбаев екі айға қамалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Жыланбаевты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«2023 жылғы 25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Т.Жыланбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, Марат Төлегенұлы - алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1990-жылдары «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті рет тіркелген.


Соңғы жаңалықтар