Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Марат Жәкиев «Astana-Arlans»-тың бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

2014 жылғы 19 қараша 18:09 12
Бөлісіңіз:
Марат Жәкиев «Astana-Arlans»-тың бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana-Arlans» командасының бас жаттықтырушысы қызметіне Марат Жәкиев тағайындалды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметінен. 

Марат Исағалиұлы 1968 жылы 12 қыркүйекте Маңғыстау облысында дүниеге келген, жоғары білімі бар.

1986 жылдың 12 мамырынан КСРО спорт шебері, бокстан КСРО құрамасының мүшесі. Бокспен 1980-1997 жылдар аралығында айналысқан. 2005 жылғы әлем және Азия чемпионы Е.Жаңабергеновтың, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы Ә. Ниязымбетовтің жаттықтырушысы.

Клубтың қамқорлық кеңесінің шешімімен «Astana-Arlans»-тың бас директоры болып 2012 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Серік Сәпиев тағайындалды. Серік Жұманғалиұлы өз қызметіне ағымдағы жылдың соңында, Англиядағы оқуын аяқтағаннан кейін кіріседі.

Еске сала кетейік, клубтың бұрынғы бас директоры Б. Манкенов пен Бас жаттықтырушы С. Корчинский 2014 жылдың қараша айының басында өз еріктерімен отставкаға кетуге өтініш білдірген болатын. 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Тағайындау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT