+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәселесі талқыланды

2019 жылғы 26 маусым 18:34
Бөлісіңіз:
Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәселесі талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Комиссия жұмысына Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері және ғалымдар қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстардың жәй-күйіне қатысты Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің және Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің ведомстволық наградаларын бекіту туралы ұсыныстары қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы бірқатар тапсырма берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT