Марат Тәжин Ресейдегі ҚР Елшісі болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Туған күні: 08.04.1960 Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі: • Философиялық ғылымдар кандидаты, диссертация тақырыбы: «Аумақтық аспектіде әлеуметтік өзгешелікті еңсеру (Қазақстан материалдары)» (1985); • Социологиялық ғылымдар докторы, диссертация тақырыбы: «Әлеуметтік-аумақтық өзгешеліктерді зерттеудің әдіснамалық аспектілері» (1990); • Профессор (1993); • Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1995); • Ресей Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1997); • Қазақстан Республикасы Саяси ғылым академиясының академигі және президенті (1997)

Еңбек өтілі: • Қазақ СКО Ғылым академиясының Өндірістік күштерді зерделеу жөніндегі кеңестің инженер-экономисі (1981-1983); • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, оқытушысы (1983-1987); • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, социология кафедрасының доценті (1988-1991); • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі (1991-1992); • Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты және Министрлер кабинетінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары (11.1992-01.1993); • Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты және Министрлер кабинетінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (01.1993-06.1993); • Президент Аппараты және Министрлер кабинеті басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты - Ақпараттық-талдау орталығының басшысы (06.1993-10.1994) (Орталық М. Тажиннің бастамасымен құрылды және мемлекет басшысының негізгі талдау құрылымының функциясын орындады); • Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының басшысы (10.1994-10.1995); • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы (АТО жаңа атауы) (10.1995-24.02.1999); • Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (24.02.1999-04.05.2001); • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (04.05.2001-11.12.2001); • Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (11.12.2001-08.2002); • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары (08.2002-03.2004); • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары - Ішкі саясат басқармасының бастығы (03.2004-03.2005); • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары (03.2005-13.04.2006); • Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (13.04.2006-11.01.2007); • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі (11.01.2007-04.09.2009); • Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (05.09.2009-01.2013); • Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы (16.01.2013-01.2014)

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, премиялары, құрметті атағы: • Ордендер: 1-ші дәрежелі «Барыс» (12.2007), «Құрмет» (2002).

Соңғы жаңалықтар