+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Марат Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды

2019 жылғы 24 наурыз 14:28
Бөлісіңіз:
Марат Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылсын», - делінген құжатта.

Марат Мұханбетқазыұлы 1960 жылы дүниеге келген. Социологиялық ғылымдар докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, Ресей Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, ҚР Саяси ғылым академиясының академигі.
ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы, Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, ҰҚК төрағасы, Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары - Ішкі саясат басқармасының бастығы, ҚР Сыртқы істер министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі қызметтерін атқарған.
1-ші дәрежелі «Барыс», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT