Марат Тәжин ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі - Қоғамдық қауіпсіздік министрі Мэн Цзяньчжумен кездесті

None
None
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада ШЫҰ Қауіпсіздік Кеңестері хатшыларының алтыншы жиыны аясында ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі - Қоғамдық қауіпсіздік министрі Мэн Цзяньчжумен кездесті.

«20 жылдан бері біз даңғыл жолды жүріп өттік. Екі елдің мемлекет басшылары арасындағы жоғары саяси деңгейдегі диалог, министрліктер мен ведомстволар арасындағы диалог, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық қарым-қатынастар өрлеп келеді»,-деді М. Тәжин.

Сөз арасында тараптар ШЫҰ Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымының лаңкестікке, сепаратизмге және экстремизмге қарсы әрекет ету міндеттерін шешудегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар есірткінің заңсыз айналымымен күрес бағытында бірігіп күш жұмсаудың маңыздылығы айтылды.

Ертең ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кеңесі өтетініне тоқталған М. Тәжин , «Сізбен екі елдің өзара ынтымақтастығы тұрғысындағы кейбір мәселелерді талқылауға осындай мүмкіндік болғанына алғысымды білдіремін»,-деп түйіндеді сөзін.

Соңғы жаңалықтар