+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Марат Тәжин Азия қаламгерлерімен кездесті

2019 жылғы 4 қыркүйек 17:52
Бөлісіңіз:
Марат Тәжин Азия қаламгерлерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумына қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Азияның поэзиялық жаңа толқынын бастауға шақырамын - моңғол ақыны Мэнд Ооёо Тоқаев Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» дегені нені меңзейтіндігін айтты Көне жәдігерлердің құндылығы неде – Қазақстан Президенті жауабын берді

Кездесуге Нобель сыйлығының номинанттары Оңтүстік Корея қаламгері Ко Ын, катарлық Моза аль-Мальки, моңғолиялық Гомбожавын Мэнд Ооёо, Әзербайжан халық жазушысы Анар Расуыл Рзаев, Ресей жазушысы Анатолий Ким, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменов бастаған бір топ қаламгер қатысты.

Кездесу барысында Марат Тәжин форум еліміздің астанасында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтіп жатқанын айтты.

Мемлекеттік хатшы кездесуге қатысушылардың назарын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумда сөйлеген сөзінде айтылған негізгі тезистеріне және оларды іске асыру қажеттігіне аударды.

Қонақтар бірегейлі жоғары деңгейде және мазмұндық толыққанды ұйымдастырған шараға Қазақстан басшылығына, қазақстандықтардың жылы қабылдауына, сонымен қатар қызықты пікірсайыстарға ризашылық білдірді.

Кездесуге қатысушылар форум Азия елдерінің әдеби қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтатындығына сенім білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT