Марат Сыздықов ТМД Байқаушылар миссиясының басшысын қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қазақпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов ТМД Атқарушы комитеті төрағасының Бірінші орынбасары Виктор Гуминскийді қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесудің тақырыбы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға байланысты Нұр-Сұлтанда ТМД Халықаралық байқаушылар миссиясы штабының ашылуы болды.

Сұхбат барысында М. Сыздықов ТМД Атқарушы комитетінің өкілін Мәжіліс депутаттарының ашық сайлауын өткізу Қазақстанның одан әрі демократиялық дамуы үшін маңыздылығы туралы хабардар етті. Биыл елімізде көппартиялылық пен саяси бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған теңдессіз саяси реформалар пакеті іске асырылды.

Өз кезегінде В. Гуминский бақылаушылардың жұмысы үшін жақсы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді. Сұхбаттасушы ТМД миссиясы өз функцияларын объективті және ашық түрде орындауға дайын екенін айтты.



Соңғы жаңалықтар