Марат Шибұтов: Бәрі жоспарға сай келе жатыр – алдағы сайлаудың оң аспектісі де осы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәрі жоспарға сай келе жатыр – алдағы сайлаудың оң аспектісі де осы. Президенттің Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуіне қатысты Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Шибұтов осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәрі жоспарға сай келе жатыр. Бұрын жарияланғанындай, сайлау конституциялық мерзімде өтеді. Алдағы сайлау барысында жүзеге асырылатын жаңашылдықтар кең ауқымда талқыланған еді. Оны қоғам тарапы та оң сипатта қабылдады. Бәрі де электорат күткендей өтуі тиіс. 80 күндей қалған сайлаудың ең басты әрі оң аспектісі де осы», - деді Марат Шибұтов ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы білдірген пікірінде сарапшы .

Саясаттанушының айтуынша алдағы сайлау арқылы оппозициялық партиялар елдегі қоғамдық-саяси және экономикалық процестерге көбірек атсалысу мүмкіндігіне ие болады. Бұрын оппозицияда бірде-бір парламенттік лауазым болмаса, алдағы жылдары Парламент Мәжілісінің комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция қатарынан болуы керек. Бұл дегеніңіз оппозициялық фракциялардың ойы салмақты болмақ.

Сонымен қатар Марат Шибұтов Парламент пен Мәслихат депутаттарының 30 пайызы – жастар мен әйелдер болуы керектігіне қатысты оң пікір білдірді.

«Қазақстан халқының 20 пайызы – жастар. Ерлер мен әйелдер деп бөлсек, әйелдердің үлесі – 52 пайыз. Қазіргі Мәслихатта жастардың саны 2 пайызды, әйелдердің үлесі 13 пайызды құрайды. Яғни осы аталған санаттағы азаматтар Парламентте жеткілікті деңгейде отырған жоқ», - деді ол.

Еске сала кетсек бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялаған болатын.

«Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды», - деді Президент үндеуінде.



Соңғы жаңалықтар