+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Марат Мұхамедсалиев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  PR-қызметін басқаратын болды

2021 жылғы 16 сәуір 22:26
Бөлісіңіз:
Марат Мұхамедсалиев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  PR-қызметін басқаратын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Марат Мұхамедсалиев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат sknews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысы қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Серік Егізбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Марат Мұхамедсалиев 1996 жылдан бастап БАҚ және PR саласында жұмыс істеген.

Ол қазақстандық телекөрермендердің көпшілігіне «Хабар», «Қазақстан», «АстанаТВ» телеарналарында тележурналист және авторлық бағдарламалар жүргізушісі ретінде кеңінен танымал болды.

2000 жылы «KazakhОil» ҰМК баспасөз қызметі басшысының орынбасары, 2003 жылы «ҚазМұнайТеңіз» АҚ, 2004-2005 жылдарда «ҚазМұнайГаз» Барлау және өндіру» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2007 жылдан бастап күні бүгінге дейін «KEGOC» АҚ (2007-2013 жж.),«Самұрық-Энерго» АҚ (2013-2018 жж.) және «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КАҚ (2018-2020 жж.) баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген.

Ал 2020 жылғы қаңтардан бастап «Ғылым қоры» АҚ қоғаммен байланыс саласында еңбек етті.

Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT