Марат Бекетаев сот сараптамасы саласындағы өзгерістерді айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сот сараптамасы органдары медициналық қызметкерлеріне зиянды еңбек жағдайы үшін қосымша еңбекақысы көтерілді. Бұл туралы халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігімен бірлескен бұйрық аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Қостанай және Павлодар облыстарында қылмыстық істер бойынша жекелеген сараптама түрлерін бәсекелестік ортаға беру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Осылайша, 3490 сараптама жүргізілді. Пилот оң нәтиже көрсетті. Сараптама өндірістерінің мерзімі қысқартылды және мемлекеттік сарапшыларға ауыртпалық төмендетілді», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс сараптама түрлерінің санын ұлғайту жолымен жалғасатын болады.

«Сот сараптама органдарының инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында сот сараптама институтының үлгілік ғимаратының құрылысы салынуда. Сот сараптамасы органдары медициналық қызметкерлеріне зиянды еңбек жағдайы үшін 30-дан 45 пайызға дейін қосымша еңбек ақысы көтерілді. Әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында жалақы төлеудің факторлық-балдық шкала жүйесі енгізілді», - деді М. Бекетаев.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің депутаты бастамашылық еткен сот-сараптама қызметі мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулер жобасы Мәжілістің қарауында. Заң жобасын қабылдау сот-сараптама қызметі нарығында бәсекелестікті құруға, жеке сот сарапшылары қызметінің ашықтығын, сапаны жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот сараптамасы органдарының қызметін оңтайландыруға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар