Марат Бекетаев проблемалы алименттер саны қаншалықты қысқарғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев алименттерді өндіріп алу бағытындағы жаңа жүйе туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Министрлік алименттерді өндіріп алу тақырыбына ерекше назар аударып отыр. Келіп түскен шағымдардың жартысын осы категория қамтып отыр. Проблеманы шешу үшін министрлік «Алиментті өндіріп алудың тиімді жүйесін құру бойынша 30 қадам» шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда», - деді министр Пардамент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.
Оның сөзіне қарағанда, аталған бағытта министрлік, әкімдік және алиментті өндіріп алу мәселесі жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы республикалық палата арасында үшжақты меморандумды бекіту жолымен жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл атқарылуда.
«Меморандумда және іске асыру бойынша жоспарда борышкерлерді жұмыспен қамту мәселесі қамтылған. Атқарылған жұмыстар аясында 816 борышкер жұмысқа орналастырылды. Проблемалы алименттер саны 25 мыңнан 14 мыңға дейін төмендеді», - деді Марат Бекетаев.
- Қазақстанға Дубай-Алматы рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
- Биыл «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді
- Алматыдағы түрмеден қашқан адам Ақтөбеде қолға түсті
- Әлеуметтік желіде митингіге шақыру: ҚР Бас прокуратурасы үндеу жариялады
-
Қарағанды облысында алимент төлемеген борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
-
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай амнистия: ҚР ІІМ заң жобасын талқылауға ұсынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам