Марат Бекетаев: Партия құру туралы өтінімдер келіп түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев бұған дейін партия құру туралы өзі жетекшілік ететін министрлікке өтінім түскенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынында да өтінімдер келіп түсті. Бірақ мен оларды оппозициялық деп атамас едім. Адамдар тобы саяси партия құрғысы келетіні жөнінде Әділет министрлігіне сұраныс жолдады. Бұл өтінімдер заңнама талаптарына сай болған жоқ. Сол себепті оларды тіркеуден бас тартылды. Бұл адамдар тобы қателікті қайта түзеп, өтінім жолдай алады», - деді Марат Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Әйтсе де министр партия құру – оңай шаруа емес екенін еске салды.

«Бұл – өте қымбатқа түсетін процесс. Бүгін партия құру бастамасын ойлаған адам ертең оны құра салмайды. Ол абыройлы әрі артынан еретін адамдары бар екенін, саяси партияны құра алатын ресурсы барын дәлелдеуі тиіс. Заң талаптары осындай. Қанша адамнан партия құру туралы ұсыныс түскенін, қай адам түсіргенін айта алмаймын. Маған бұл мәліметтерді таратуға заң рұқсат бермейді. Себебі бұл – өтінімді берген сол адамдар тобының құқығы. Әділет министрлігі мұндай мәліметтерді жариялай алмайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар