Марат Бекетаев отставкаға кетуін талап еткендерге жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев өзін лауазымды қызметінен отставкаға кетуін талап етіп, петиция әзірлегендерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымен де петиция мәтінімен танысып шықтым және осыған қатысты мынаны айтқым келеді. «Әкімшілік процедуралар туралы» заңға сәйкес, бұл петиция үндеу саналады және аталған Заң бойынша лауазымды тұлғаның белгілі бір іс-әрекетін даулайтын үндеу сол лауазымды тұлғаның өзіне бағытталмауы тиіс. Сонымен қатар Заң іс-әрекеті қандай да бір түрде дауланатын лауазымды тұлғаға үндеудің қаралу процесіне кедергі келтіруге ұмтылуға, оның ішінде мұндай үндеудің мазмұнына жария түрде пікір білдіруге тыйым салады. Басқаша айтар болсақ, «Әкімшілік процедуралар туралы» заң маған аталған петиция мазмұнына пікір білдіруге тыйым салады. Отставкаға өтініш берейін деп отырғаным жоқ», - деді Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұған дейін БАҚ-та бастамашы топтың Әділет министрі Марат Бекетаевты отставкаға жіберуін талап еткен педиция қол жинап жатқаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар