Марат Бекетаев ҚР Президентінің кеңесшісі сэр Сума Чакрабартимен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі сэр Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Әділет министрлігінде Президенттің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен кездесу өтті. Кездесу барысында сэр Сума Чакрабарти Әділет министрлігінің құрылымы және қызметімен, оның Қазақстандағы құқықтық реформаларды іске асырудағы рөлімен танысты», - делінген аталған министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, сэр Чакрабарти өз кезегінде министрліктің ашықтық пен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігі үшін алғыс білдірген.


Соңғы жаңалықтар