Марат Бекетаев: Конституциялық реформалар кезінде қоғамның сұранысы ескерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Қазақстан Республикасының Конституциясы - қоғам мен мемлекетті әлеуметтік модернизациялаудың іргелі негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«30 тамыз – біздің еліміз үшін айтулы мереке. Конституция мемлекет, қоғам және жеке тұлғаның өмір сүруі мен өзара іс-қимылының негізін құрайтын, үстемдік пен негізгі рөлге ие әмбебап құқықтық акт болып саналады. Елімізде жүргізілген конституциялық реформалар қоғамды демократияландыруды одан әрі нығайту, демократия негіздерін, Парламенттің рөлін күшейту және Үкіметтің дербестігін арттыру туралы негізгі қоғамдық сұраныстарды ескерді», - дейді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

Оның айтуынша, Конституциялық құндылықтарды бекітудегі маңызды кезең – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған конституциялық реформа болды.

«Президент, Парламент және Үкімет арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу және адам құқығын қорғаудағы конституциялық бақылау функцияларын күшейту арқылы Конституция қоғамның конституциялық құрылымы мен саяси жүйесіндегі сапалы өзгерістерді көрсетті. Конституцияның нормаларына сүйене отырып, ел басшылығының стратегиялық дұрыс саясатының нәтижесінде республика айтарлықтай саяси, экономикалық және әлеуметтік прогреске қол жеткізгенін атап өту маңызды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар