Марат Бекетаев: Әкімшілік жауапкершіліктерді әлі де ізгілендіруге мүмкіндік бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатында «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданып, екінші оқылымға жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілісте мақұлданған заң жобасын қорғаған Әділет министрі Марат Бекетаев әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы ізгілендіру мәселесіне тоқталды. Министрдің сөзінше, реттеуші органдардың ұстанымына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың кейбірін азаматтық немесе тәртiптiк iс жүргiзу арқылы қарауға болады.

«Қазіргі уақытта, мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру және оларды автоматтандыру сияқты іс-шаралар орындалуда. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық санкцияларына жүргізілген талдау оларды әкімшілік жауапкершілікті одан әрі ізгілендіру шеңберінде жеңілдетуге және төмендетуге мүмкіндік бар екенін көрсетті. Осыған орай, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде және статистикалық деректерді ескере отырып, заң жобасымен 38 құрам бойынша ізгілендіру ұсынылады», - деді министр.

Атап айтқанда, министр әкімшілік құқықбұзушылықтың 30 құрамын алып тастау, 1 құрамы бойынша айыппұл мөлшерін азайту, 6 құрам бойынша әсіре қатаңдықты төмендету және де 1 құрам бойынша ескерту енгізу ұсынды.

Соңғы жаңалықтар