Марат Әзілханов Талдықорғанда «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысымен танысты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Алматы облыстық ҚХА жанындағы этномәдени орталықтары мен облыстық «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы мүшелері және еріктілердің жұмысымен арнайы танысу мақсатында кедесуі өтті.

Кездесуге Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Дандыбаев, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

ҚХА-ның бүгінгі таңдағы басты міндеттерінің бірі этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты мен ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының жұмысын жандандыру болып табылады.

Кездесу барысында Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктер мен «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының өкілдері облыс, қала және аудан әкімдіктері жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңесі құрамына еңгізетінін атап өтті.

Сондай-ақ, Ақсу ауданы, Қапал ауылдық округі аппаратының бас маманы, Мемлекеттік тіл жанашыры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Владимир Чепель өзге этностар арасында Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру жөнінде өз ойын білдірді.

Кездесу барысында «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының төрағасы Руфина Усанова атқарылған жұмыстар туралы айтып, ауқымды іс-шараларды өткізу бойынша ұсынысын білдірді.



Соңғы жаңалықтар