Марат Әзілханов ҚХА тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды атады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов республикалық кеңесте этномәдени бірлестіктерінің қоғамда атқаратын жұмыстарының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің әлеуметтік жұмысын жүйелі негізге келтіру керек.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатын дамытуға жаңа серпін берді», - дейді ол

Кеңес барысында ҚХА төрағасының орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа практикалық шараларды атады.

«Тәжірибелік деңгейде Ассамблеяға елдің жаңа имиджін және ұлттың жаңа бірегейлігін қалыптастыруға үлес қосу; Ассамблеяның тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау; ҚХА мекемелері кез-келген қиындыққа қарсы тұруға дайын болуы керек; қоғамдық дипломатияны дамыту; достық елшілерінің корпусын кеңейту»,- деді ол.

Кездесуге қатысушылар этномәдени бірлестіктердің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясының нұсқауларын жүзеге асырудағы рөлі мен міндеттерін, халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуді, қайырымдылық пен еріктілердің нақты жобаларын, экологиялық акциялар өткізу, өрттен зардап шеккен Риддер қаласының тұрғындарына ҚХА тарапынан көрсетілген көмек туралы айтты.

«Бүгінде этномәдени бірлестіктердің қолдауы айтарлықтай байқалмайды. Осыған байланысты біз этномәдени бірлестіктерден бұл акцияға белсенді түрде қосылуды сұраймыз. Қазір Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен келісе отырып, белгілі бір отбасыға немесе ойын алаңына бір үй салу мүмкіндігін қарастыру мақсатында қаражат жинау жүріп жатыр. Бұл мәдени бірлестік жүзеге асырып жатқан бір ғана әрекет. Жұмыс жалғасады «, - деді Марат Әзілханов.

Айта кетейік, 2020 жылы Ассамблея 1,7 млрд теңгеге қайырымдылқы көмек көрсеті.


Соңғы жаңалықтар