+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Марат Әзілханов: қазақстандық өзбектер – еліміз халқының ажырамас бөлігі

2021 жылғы 28 қыркүйек 18:10
Бөлісіңіз:
Марат Әзілханов: қазақстандық өзбектер – еліміз халқының ажырамас бөлігі

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласының Өзбек драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қаладағы өзбек этносының зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Семейде Ф.Достоевскийдің 200 жылдығына атаулы іс-шара ұйымдастыруды ұсынды Мемлекетке қарсы арандатушылықтың барлық түріне тойтарыс беру керек - Президент Президент: Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға айналмауы тиіс

«Қазақ пен өзбек халқын ортақ тарихи тамырластықпен қатар, мәдени-рухани құндылықтардың, тіліміз бен салт-дәстүрлеріміздің ұқсастығы біріктіреді. Ал қазақстандық өзбектер – Қазақстан халқының ажырамас бөлігі, еліміздің тең құқықты азаматтары» деп атап өтті М.Әзілханов.

Ауылы аралас, қойы қоралас екі бауырлас халықтың тарихи тамырластығы және тілдері мен мәдениеттерінің жақындығы – елдегі тұрақтылықты сақтау мен біртұтас азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың маңызды факторы.

Шымкентте тұратын өзбек этносының өкілдері қала халқының 17,5 пайызын құрайды. Қалада өзбек тілінде оқытатын төрт мектеп, 32 аралас мектеп бар.

Шымкент қаласында Өзбек драма театры жұмыс істейді. Бұл – Өзбекстаннан тыс жерде ашылған әлемдегі жалғыз өзбек драма театры. Театр өзбек мәдениетінің дамуына ғана емес, жалпы қазақстандық бірегейліктің нығаюына да өз үлесін қосуда. 18 жыл ішінде театрда 100-ден астам қойылым сахналанды, олардың қатарында М.Әуезовтің «Абай», Ш. Айтматовтың «Шыңғысханның ақ бұлты», А. Оразбековтың «Жалғыз алма ағашы», С. Досановтың «Қасқыр ұлыған түн» шығармалары бар.

ҚХА Төрағасының орынбасары Шымкент қаласы тұрғындарының қазақстандық азаматтық бірегейлігін нығайту, этносаралық өзара іс-қимылдың кең коммуникациялық алаңдарын қалыптастыру бағытында нысаналы және бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.


Қазақстандық өзбектер Өзбек этномәдени орталықтарының «Дустлик» қауымдастығына біріктірілгенін атап өткен жөн. Ол Қазақстанның облыстары мен қалаларының этномәдени орталықтарын біріктіреді. Елдегі өзбек этномәдени бірлестіктерінің саны 35-ке жетті.

«Дустлик» қауымдастығы өзбек этносының өкілдерін қазақстандық қоғамға біріктірудегі, оларды Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту процесіне тарту жөніндегі миссияны жоғары деңгейде орындап келеді, Қазақстанның көпэтносты халқының құрылымында өзбек этносының айрықша орнын қамтамасыз етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT