Марат Әзілханов: Қазақ тілінің интегратор тілге айналатын кезі келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚХА төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Президент Жолдауындағы тілдік тұтастық туралы бастамаларына Ассамблея қалай үлес қосатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік тіл біздің мемлекеттігіміздің арқауына, қазақстандық бірегейліктің іргетасына, жалпыға бірдей танылған азаматтық маркерге айналды. Білім беру саласындағы жүйелі шаралар бұл міндетті еліміздің жас азаматтарының әрбір жаңа буыны үшін қолайлы шешуге арналған. Түрлі этностар өкілдері өз балаларын қазақ балабақшаларына, қазақ мектептері мен ЖОО-да оқытуы бүгінгі таңда жиі кездеседі. Бүгінде Қазақстанда 5644 ұйым балаларды қазақ тілінде оқытады және тәрбиелейді, 3798 қазақ мектебі жұмыс істейді», - деді Марат Әзілханов ҚХА ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, қазақ тілін үйрену, оның қызмет ету аясын кеңейту, күнделікті өмірде пайдалану қазақ тіліне деген достық, сенім мен сүйіспеншілік жағдайында өтуі тиіс.

«Барлық басқа әдістер, тәжірибе көрсеткендей, біз көздеген нәтижеге қол жеткізбейді. Латын графикасына көшу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік тілді дамытуға қуатты серпін берді, Қазақстан әдебиетінің таңдаулы шығармалары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылды, түрлі білім салалары бойынша әлемнің үздік оқулықтары мемлекеттік тілге аударылды. Бүгінгі таңда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында, қазақ тілі интегратор-тілге, ел ішіндегі этносаралық қарым-қатынас тіліне айналатын уақыт келді. Бұл пікірді, әрине, Қазақстанның барлық азаматтары, соның ішінде түрлі этностар өкілдері де қолдайды», - деді ҚХА төрағасының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар