Марат Ахметжанов қылмыстық процестің үш буынды моделін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ведомствоаралық кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің Нұр-Сұлтан қалалық департаментінде өткен іс-шара барысында олар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде енгізілген қылмыстық процестің үш буынды моделімен, агенттік қызметкерлері мен прокурорлардың электронды форматта процессуалдық шешімдерді келісудегі өзара іс-қимылымен танысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасы болып тағайындалған кезімде қылмыстық процестің үш буынды моделін жетілдіріп, ведомствожұмысында толыққанды қолдануды тапсырған болатын. Бұл үш буынды модель азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесі саналады», - дегі Марат Ахметжанов.

Оның атап өтуінше, бүгінде агенттік жұмысында цифрлық жүйе жан-жақты қолданысқан енгізілген. Яғни, бүкіл процессуалдық шешімдер электронды түрде жасалып, прокурорға жолданады. Ол ашық, айқын болады.

«Біріншіден, ол жерде қылмыс құрамының бар-жоғы айқындалады. Күдіктіге қатысты дәлелдердің заңды әрі толық жиналуы қадағаланады. Соның барлығын қызметкерлеріміз талдап, жан-жақты қарайды. Одан кейін тергеу қарап шығады. Бұл бірінші сүзгі саналады. Дәлел толық болып, дәлелдер заң аясында жиналса, онда прокурорға жолданады. Екінші сүзгі - прокурор. Прокурор да істі жан-жақты қарайды. Өйткені, оның келісім болғанда ғана шешім заңды болып саналады. Демек, прокурордың жауапкершілігі артады. Күдіктіге қатысты дәлелдер жеткілікті болғанда ғана келісім береді. Тергеу одан ары жалғасып, сотқа жіберіледі. Сот қарап қылмыс құрамының бар-жоғын, күдіктігінің айыптылығын шығарады. Үш буынды модель дегеніміз осы», - деді агенттік төрағасы.


Соңғы жаңалықтар