Маралды ауылының тұрғындары алтын өндірісін ашуға қарсы пікірде

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының халқы алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсылық танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Оған елді мекен тұрғындары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев, Күршім ауданы әкімдігінің өкілдері, депутаттар мен экологтар қатысты.

Фабрика құрылысын жүргізбек ниеттегі компания қызметкерлері жобаның экологиялық талаптарға сәйкес келетіндігін алға тартты. Алайда, алтынды ашық жолмен өндіру және фабрика салу мәселесі жергілікті тұрғындарды алаңдатады.

Қоғамдық тыңдауға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов та қатысты.

«Жергілікті халық бірауыздан фабрика құрылысына қарсылық білдіріп отыр. Қазіргі уақытта жоба экологиялық сараптамадан өткізіліп жатыр. Біз қоғамдық пікір мен экологиялық талаптарға сүйеніп, бір айдың ішінде тиісті шешім қабылдаймыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар