Марафоншылар Қарағанды – Ұлытау арасын екі күнде жүріп өтпек

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 25 оқытушысы «Ұлытауға тағзым» ультрамарафонына қатысты. Жарыс ЖОО-ның жарты ғасырлық мерейтойына арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы болып таңғы сағат 04:00-де Жастар алаңынан дене шынықтыру және спорттық дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Бақдәулет Тілеубек бастады. Ол 42 км жүгіреді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі күн ішінде марафоншылар Қарағанды – Ұлытау бағыты бойынша 700 шақырымды жүріп өтуі тиіс.

«Марафон бес топқа бөлінген. Марафоншылардың бірі 50 км жүгірсе, басқалары 42 және 30 км жүріп өтеді, мен 21 км қашықтықты еңсеруді шештім», – дейді спорт шарасын ұйымдастырушы Марат Тұрымов.

Марафон Ұлытау ауданы мұражайының алдында аяқталады.


Соңғы жаңалықтар