Марафонға алғаш рет жүгіру өмірді 4 жылға қысқартады - зерттеу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары марафонға жүгіретіндердің қатары артты және әлі де артып жатыр. Ал Америкалық кардиологтар колледжінің журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сенсек, марафонға алғаш рет қатысып, марафонды соңына дейін жүгіріп шыққан адамның артериялық қысымы төмендеген. Бұл қантамырлардың жасын төрт жылға кемітеді, деп жазады ҚазАқпарат The Times of İndia басылымына сілтеме жасап.

Азия кардиологтар институтының докторы Сантош Кумардың айтуынша, жүгіру денсаулыққа жақсы әсер етіп, жүрек жұмысын бір қалыпты ұстайды. Холестеринді азайтып, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Сонымен қатар күйзелістен арылтады.

«Дегенмен, марафонға қатысып топпен жүгіру адамға кері әсерін де тигізуі мүмкін. Бұл әр адамның денсаулығына байланысты. Марафонға қатыспас бұрын міндетті түрде дәрігерге қаралып алу керек»,- дейді ол.

Ғалымдардың айтуынша, жүгіру денсаулыққа жақсы әсер еткенімен, марафонның орны бөлек. Оған жатықтырушымен арнайы дайындалу керек.

Соңғы жаңалықтар