Марафон күні Астанада автобустардың бағдары өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана - Триатлон 2018» жарысының өткізілуіне байланысты елордадағы қоғамдық көлік бағдарлары өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Астана LRT» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті Астана тұрғындары және қонақтар! 2018 жылғы 28 шілде күні сағат 07:45-тен 10:00-ге дейін, Б. Момышұлы даңғылының Тоқпанов көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі; Қошқарбаев көшесінің Б. Момышұлы көшесінен Шалқыма көшесіне дейінгі; Шалқыма көшесінің Сарайшықтан Тоқпанов көшесіне дейінгі бөліктерінде «Астана - Триатлон 2018» жарыстарының өткізілуіне байланысты, автобустардың қозғалысы шектеледі», - делінген ұйымның ресми сайтында.

№10 бағдар: «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» аялдамасынан Мәңгілік Ел және Сарайшық көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға - Сарайшық көшесіне, оңға - Қабанбай батыр даңғылына, оңға - Тәшенов тұйық көшесіне, тағы да оңға - Тәшенов көшесіне бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасы бойынша, қайтарда бұрынғы сызбасымен жүреді. 

№15 автобус: «Темір жол тұрғын алабы» аялдамасынан Б. Момышұлы - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары солға - Тәуелсіздік даңғылына, оңға Қошқарбаев даңғылына бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасы бойынша жүреді. Қайтарда бұрынғы сызбасы бойынша

№47 автобус: «Дегелең орамы» аялдамасынан Б. Момышұлы - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға - Тәуелсіздік даңғылына, оңға - Қошқарбаев даңғылына бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасы бойынша жүреді.

№51 автобус: «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» аялдамасынан Б. Момышұлы даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға - Тәуелсіздік даңғылына, оңға - Қошқарбаев даңғылына бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасы бойынша жүреді. Қайтарда бұрынғы бағдары бойынша жүреді.

№56 автобус: «Өндіріс тұрғын алабы» аялдамасынан Б. Момышұлы - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары солға - Тәуелсіздік даңғылына, оңға - Қошқарбаев даңғылына бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасымен жүреді. Кері бағдарда бұрынғы сызбасымен жүреді.

№60 автобус: «Арнау тұрғын үй кешені» аялдамасынан Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға - Сарайшық көшесіне, оңға - Қабанбай батыр даңғылына, оңға - Тәшенов тұйық көшесіне, солға - Тәшенов көшесіне бұрылып, ары қарай бұрынғы бағдары бойынша жүреді.

Кері бағдарда «Строймарт гипермаркеті» аялдамасынан Амман - Тоқпанов көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай тура Марал көпіріне жүріп, ары қарай бұрынғы бағдарымен жүреді.

№61 автобус: «Жылутранзит» аялдамасынан Б. Момышұлы - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай тура Тәуелсіздік даңғылымен жүріп, оңға - Қошқарбаев даңғылына бұрылады, ары қарай бұрынғы бағдары бойынша жүреді. Қайтарда дәл осы бағдармен жүреді.

№101 автобус: «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» аялдамасынан Б. Момышұлы - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға - Тәуелсіздік даңғылына, оңға - Қошқарбаев даңғылына бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасымен жүреді. Кері бағдарда бұрынғы сызбасы бойынша жүреді.

№104 автобус: «Азия парк СОО» аялдамасынан Мәңгілік Ел даңғылы - Сарайшық көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға - Сарайшық көшесіне, оңға - Қабанбай батыр даңғылына, оңға - Тәшенов тұйық көшесіне, солға - Тәшенов көшесіне бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасы бойынша жүреді.

Қайтарда бұрынғы сызбасы бойынша жүреді.

Соңғы жаңалықтар