Марадонаның асқазанына ота жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның аты аңызға айналған футболшысы Диего Марадона асқазанына ота жасалғаннан кейін ауруханадан шығарылды.

Хабарланып отырғандай, футболшыға 10 жылда екінші рет өткізіліп отырған асқазан отасы Венесуэла емханаларының бірінде өткізілді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Бұл ота аргентиналық құраманың бұрынғы капитанына салмақ түсіруге көмектесуі тиіс. Дәрігерлердің айтуынша, футболшының қазіргі салмағы нормадан 75 келі көп болып отыр, ал бұл денсаулықпен байланысты бұдан да күрделі проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін. 10 жылдай уақыт бұрын Марадонаға осыған ұқсас ота жасалған.

Футболшының денсаулығы бұрыннан сыр бере бастаған. 2004 жылы ол асқазан және жүрек проблемаларына байланысты екі рет жансақтау бөліміне түскен еді. 2000 жылы Уругвайда Марадонадан кокаинді мөлшерден тыс пайдалану салдарынан күрделі жүрек жеткіліксіздігі байқалған.

Соңғы жаңалықтар