Марадона «Дорадос» мексикалық клубының бас бапкері қызметінен кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аргентина құрамасында әлем чемпионы болған Диего Марадона денсаулығына байланысты "Дорадос" мексикалық футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы Twitter-де адвокат Матиас Морла хабарлады.

Марадона 2018/19 маусымында мексикалық клубқа жетекшілік етті.

"Диего Марадона "Дорадос" бас бапкері ретінде жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Дәрігерлер оған денсаулығына көңіл бөлуге кеңес берді. Ол екі рет - иығына және тізесіне ота жасатады», - деп хабарлады адвокат.

Марадона 1986 жылы әлем чемпионы және ХХ ғасырдың ең үздік футболшысы атанды. Аргентиналық "Архентинос Хуниорс", "Бока Хуниорс" және "Ньюэллс Олд Бойз", испаниялық "Барселона" мен "Севилья", италиялық "Наполи" құрамында өнер көрсетті. Аргентиналық шабуылшы чемпионат пен Италия кубогын, Испания кубогын және УЕФА кубогын иеленді. Ол барлығы 687 матч өткізіп, 363 рет гол салды, соның ішінде Аргентина құрамасында - 113 матч, 50 гол соқты.

Соңғы жаңалықтар