Марадона «Динамо- Брест» ФК басқармасының төрағасы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона Беларусьтың «Динамо-Брест» футбол клубында жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды БЕЛТА аталған футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Динамо-Брест» футбол клубымен үш жылға келісімшартқа қол қойған Диего Армандо Марадона клуб басқармасының төрағасы лауазымында қызмет ететін болады.

Ол клубтың стратегиялық дамуы мәселесімен шұғылданады, сондай-ақ «Динамо-Брест балалар академиясын қоса алғанда  оның барлық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе жұмыс жасайды,

57 жастағы Марадона Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатынан соң іске кіріседі.

Соңғы жаңалықтар