Марадона БАӘ-дегі «Дубай туры» велокөпкүндігінің ашылу рәсіміне келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есімі аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона гі «Дубай туры» велокөпкүндігінің ашылу рәсіміне тағы келді.

1986 жылдың чемпионы жарыс қонақтарының арасында екінші жыл қатарынан болып отыр, ол «Дубай-2015» жарысының ашылу салтанатына бір жыл бұрын қатысқан.

«Дубай туры» 3-6 ақпан күндері аралығында өтіп, төрт кезеңнен құрылады. Көпкүндік үшінші рет өтеді.

«Дубай турына» барлығы 16 команда қатысады. Соның ішінде біреуі Ресей атынан шығады - бұл «Тинькофф». Ол жарысқа келесі құрамымен қатысады: Даниэле Беннати, Роберт Кишерловски, Эрик Башка, Михаэль Коларж, Юрай Саган, Майкл Роджерс, Михаэль Гогль, Иван Ровный.

Соңғы жаңалықтар