Марадона аргентиналық «Химнасия» клубының бас бапкері болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Диего Марадона аргентиналық «Химнасия және Эсгрима» футбол клубының бас бапкері болды. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі Тwitter-де хабарлады.

58 жастағы маманмен осы маусымның соңына дейін келісім жасалған.

«Химнасия және Эсгрима» бес матчтан кейін бір ұпай жинап, Аргентина чемпионатында соңғы – 24-ші орында тұр. Ол Аргентинаның ең ескі клубтарының бірі, негізі 1887 жылы қаланған.

Марадона 1986 жылы әлем чемпионы атанған және ХХ ғасырдың үздік футболшыларының бірі. 2018/19 жылғы маусымда мексикалық «Дорадос» футбол клубын басқарды (маусым айына дейін).





Соңғы жаңалықтар