Маори тайпасы Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы елшісін қарсы алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан елшісі Жаңа Зеландияның генерал-губернаторына сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



19 сәуір күні Веллингтонда (Жаңа Зеландия) Қазақстанның Сингапурдағы және Жаңа Зеландиядағы елшісі Үсен Сүлеймен Жаңа Зеландияның генерал-губернаторы Пэтси Реддиге сенім грамотасын тапсырды.

Осы рәсім барысында Редди сенім грамотасының Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толып отыруына орай берілуін жоғары бағалады және екіжақты қарым-қатынастың жылы, достық бағытында өрбіп келе жатқандығын атап өтті.

 
Генерал-губернатор сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қаматамсыз ету, ядролық қарудан бас тарту мен оны таратпау жөніндегі істерге қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол қазақстандағы экономикалық және саяси реформалардың маңыздылығын атап өтті.

 
Редди Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі істеріне және ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге сәттілік тіледі. Ол сондай-ақ ел басшылығының Жаңа Зеландия азаматтары үшін Қазақстанда 30 күнге дейін визасыз жүруге берген рұқсаты үшін ризашылығын білдірді. 

Өз кезегінде Сүлеймен жеке өзінің және Елбасының Жаңа Зеландия үкіметі мен халқына деген шын жүректен жолдаған лебізін жеткізді.

Дипломат сөзінде географиялық жағынан алшақ жатқандығына қарамастан Қазақстан мен Жаңа Зеландияның халықаралық аренада маңызды әріптес екендігін және елдердің екіжақты сауда экономикалық қарым-қатынастарды дамытуда үлкен әлеуетке ие екендігін атап өтті. Бұл ретте елші әсіресе агроөнеркәсіп саласындағы байланыстарға ерекше екпін түсірді. Әңгіме соңында генерал-губернатор Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа одан әрі атқаратын істеріне де сәттілік тілеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттырудағы дипломатиялық жұмыстарының сәтті болуына тілектестігін білдірді.

Соңғы жаңалықтар