Манзоров ісі: Бас прокуратура Агенттіктің шағымын қолдамады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас прокуратура Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық істің жабылуына байланысты ҚР Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің наразылық танытуына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тиісті рәсімдер бар. Егер де қылмыс құрамы болмаса, онда шешім қабылданады. Тергеу процесіне ешкім де ықпал ете алмайды. Атап айтқанда, қылмыс құрамы немесе қылмыстылық оқиғасы болмаса, іске нүкте қойылады», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің шағымы қанағаттандырылмағанын растады.

«Прокуратура бұл қылмыстық қудалауда тоқтатты. Агенттіктің шағымы қанағаттандырылмады», - М. Ахметжанов.

Еске салсақ, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров ұсталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы («Лауазымын пайдалану арқылы аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша айып тақты.

Кейін Бас прокуратура Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеді. Көп ұзамай шенеунік өз қызметіне қайта кірісті.

Өз кезегінде агенттік Бас прокуратураның бұл шешіміне наразылық танытты.

Соңғы жаңалықтар