+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Манзоров ісі: Агенттік Бас прокуратура шешіміне наразылық танытты

2019 жылғы 31 қазан 12:29
Бөлісіңіз:
Манзоров ісі: Агенттік Бас прокуратура шешіміне наразылық танытты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бас прокуратураның Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық істі жабу шешіміне наразылық танытты. Бұл туралы аталған агенттіктің 1-департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фактілерге сүйенуіміз керек. Бізге агенттікке екі азаматымыз жүгінді. Олардың шағымдарын сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, тергеуді бастадық. Бұл бірінші факті. Екінші факті, қылмыстық істі тергеу барысында Бас прокуратура талап етті және қылмыс ізінің болмағаны үшін тоқтатты. Қазіргі уақытта біз бұл шешіммен келіспейтіндігімізді және оған қарсылық білдірдік. Қазір ол Бас прокурордың қарауында жатырә,- деді ол агенттіктің алқа мәжілісі аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Осы орайда ол тергеудің мән-жайы құпия екендігін, оны прокуратура органдарының келісімімен ғана жариялауға болатындығын айтты.

Сонымен қатар, департамент басшысы Бас прокурор тарапынан агенттікке заңдылықты бұзуға жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным түскендігін растады.

«Бізге ұсыным түсті. Бұл ұсынымды басшылық қарайды және оның қаншалықты негізгі екендігін және кімнің тәртіптік жауапкершілікке тартылатындығын шешеді», - деді Қ.Сүлейменов.

Еске салсақ, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров ұсталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Агенттік оған қандай айып тағылғанын айтты.

Бас прокуратура Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеді. Шенеунік қызметіне оралды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT