Ману Амано: Қазіргі геосаясатта белгісіздік бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көптеген адамдар Қазақстанның иелігінде қуаты бойынша әлемдегі төртінші ірі ядролық арсенал болғанын білмейді. «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсімінде осындай пікір айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағасы Юкия Аманоға берілген «Назарбаев» бейбітшілік сыйлығын Елбасының қолынан алған Ману Амано БАҚ өкілдеріне бұрынғы дипломат ретінде ядролық қарусыздану туралы өз ойларын айтты.

«Біз ядролық қарулануға қаржы құю арқылы бір жағынан жаһандық қауіпті арттырамыз. Екінші жағынан, сол арқылы болашақ ұрпақтың ақшасын ұрлаймыз. Ол ақшаны білім саласына, гүлденуге және жұмыс орындарын ашуға жұмсауға болатын еді. Қазіргі геосаясатта белгісіздік бар. Бұл белгісіздік әлем қауымдастығы мүшелерінің арасында өзара сенім болмауымен байланысты. Сондықтан, ядролық сынақтарға тыйым салу туралы жалпыға ортақ келісімнің күшіне енгені қажет», - деген жапондық экс-дипломат Қазақстанның ядролық қарусыздануға қосқан үлесін насихаттау жетіспей жатқанын атады.

Оның ойынша, тоқсаныншы жылдардың басындағы Қазақстанның шешімі әлем назарына кеңінен насихатталуы керек.

«Көптеген адамдар Қазақстанның иелігінде қуаты бойынша әлемдегі төртінші ірі ядролық арсенал болғанын білмейді. Мен елші ретінде Женевада қарусыздану бойынша түрлі конференцияларда жұмыс істедім. Осыдан 6 жыл бұрын біз ядролық қарусыздану процесі тұралау кезеңін өткеріп жатыр деп ойлағанбыз. Содан бері ештеңе өзгермеген. Қазақстанның бұл мәселені шешуде мүмкін емес дүниеге қол жеткізгенін білем. Қазақстанның осы тарихи шешімі туралы әлемде қанша адамның біледі? Мәселе осында. Мысалы, қазір Қазақстан мысалынан Оңтүстік Африканың бұл бағыттағы шешімі көбірек танымал. Неге олай екенін білмеймін. Бәлкім Қазақстан бұл шешімге Оңтүстік Африка Республикасынан 30 жыл ерте барғандықтан шығар. Бәлкім әлі де болса насихат жетпей жатқан шығар», - деді Ману Амано.



Соңғы жаңалықтар