+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мәнсия Есекеева: Волонтерлік қызмет –жүрек қалауымен істелінетін жұмыс

2020 жылғы 13 ақпан 09:04
Бөлісіңіз:
Мәнсия Есекеева: Волонтерлік қызмет –жүрек қалауымен істелінетін жұмыс

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Волонтер кез келген жастағы адам болуы мүмкін. Шындығында, жас айырмашылығында ешқандай шектеу жоқ. Тек, жүрегінде өзгеге көмектесуге ниет болса болғаны. Бұл туралы Ақмола облысындағы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мәнсия Есекеева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сәтбаев волонтерлері күн сайын 700-ден астам мұқтаж жандарға көмек көрсетеді Ерлан Қарин Президенттік жастар кадрлық резервінің қатысушылары туралы пікір білдірді

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қатысуымен елордада өткен «Birgemiz» атты волонтерлер фронт-офисінің ашылуы волонтерлікпен айналысып жүрген қазақстандықтар үшін айтулы оқиға болды. Волонтерлердің игі істері мемлекетімізге зор пайдасын тигізері сөзсіз. Осы орайда, Ақмола облысында да волонтерлердің қатысуымен көптеген шаралар өткізілуде. Бұл шараларға «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі тікелей атсалысуда.


«Волонтер дегеніміз өз еркімен, яғни, саналы түрде айналасындағыларға үздіксіз көмектесіп жүретін жандар.​ Ал волонтерлік қызмет – ол жүректің қалауымен істелінетін жұмыс. Біздің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері осындай қағиданы ұстанады. Өткен Жастар жылын да қыруар шаруа тыңдырылды. Бұлардың арасындағы маңыздыларына тоқтала кетсем, 2019 жылдың наурыз айында білім-инновация лицей-интернатында Ақмола облысының білім басқармасы, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен мектеп оқушылары арасында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының кубогына арналған ашық облыстық пікір-сайыс турнирін өткіздік. Сондай-ақ, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп оқушылары арасында «Алтын сақа» облыстық сайысы, «Бүгінгі жас – ертеңгі ел тірегі!» атты облыстық форумы, ҚР Тұңғыш Президенті күні аясында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы кубогына арналған облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысы ұйымдастырылды», – дейді Мәнсия Есекеева.

Жыл сайын елімізде, соның ішінде Ақмола облысында да волонтерлердің саны ұлғаюда. Қазіргі таңда қоғамға пайдасын тигіземін деуші жастардың волонтерлер қатарына қосылуы қуантады. Жыл өткен сайын олардың қатары толығып келеді. Осының арқасында биылғы Волонтерлер жылы да «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі бірқатар шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

«Ағымдағы жылы «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің кубогына арналған облыстық пікір-сайыс турнирі, «Қасиетті домбыра» облыстық байқауы, Наурыз мейрамына орай инста байқау, «Үздік Ұланбасы – 2020» мектеп оқушылары арасындағы облыстық байқауы, «Ұланымыз ұлы елдің» облыстық форумы, Халықаралық балаларды қорғау күні мен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар, «Қазақшаң қалай, балақай?» атты балабақша тәрбиеленушілерінің арасындағы облыстық байқауы, «Жайдарлы жас ұлан» мектеп оқушылары арасындағы облыстық интеллектуалды ойыны, «Алтын сақа» облыстық сайысы, ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Бала би» облыстық шешендік өнер сайысы сияқты шаралар​ күтіп тұр.

Сонымен қатар, жыл ішінде волонтерлерге тренинг, экологиялық акция, қайырымдылық жәрмеңке, соғыс ардагерлеріне көмек көрсету тәрізді өзге де шараларға қолғабыс ету жоспарымызда бар», – деп толықтырды Мәнсия Есекеева.

Еске салсақ, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елордада волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесі ашылды.

Волонтер жылы аясында фронт-кеңсенің ашылуы барысында «QQQAZVOLUNTEER.KZ онлайн платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыт бойынша алаңдары таныстырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT